Барак Обама некесіне қатысты желіде желдей ескен сыбысты жоққа шығарып, әйелінің туған күніне әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Instagram-дағы парақшасында әйелімен бірге түскен суретті жариялады.
"Туған күніңмен, бар ғұмырымдағы махаббатым. Кез келген кеңістікті жылулыққа, даналыққа, риясыз күлкіге толтырып, сонымен қатар сондай керемет жан болып қала беру тек саған тән дүние. Өзіңмен бірге өмірдің шытырмандарымен бөлісіп, ғұмыр кешіп жатқаныма қуаныштымын. Мен сені жақсы көремін", деп жазды Обама.
Мишель өзінің аккаунтында бұл құттықтауға былай деп жауап берді:
"Қымбаттым, мен сені жақсы көремін".
Бұл мәлімдеме соңғы кездері Обаманың жанынан әйелінің көрінбей кетуіне байланысты туындаған кейбір БАҚ-тардағы сыбысты жоққа шығарды. Мишель 2025 жылдың 9 қаңтарында өткен бұрынғы президент Джимми Картердің жерлеу рәсімін қоса алғанда, бірнеше маңызды іс-шараларда төбе көрсетпеген.