"Қорғас"
халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының экс-президенті Василий Нидің
босатылуына 65-ші бап кінәлі. Осылай деген Бас прокурор Жақып Асанов, бұл
бапты өзгерту қажет, деп санайды. Кезінде атышулы Мақсат Үсеновтің оқиғасынан кейін Қылмыстық кодекстің 68-бабы өзгеріске ұшырапты. Халық қатты дүрліккен соң, өлім
болған жағдайда екі жақ мәмлеге келе алмайды деп шешілген. "Енді кінәсін
мойындап, келтірілген шығынды өтесе де, жемқорлықпен тұтылғандар 65-бапты желеу
етіп, түк болмағандай сытылып кетпеуі керек",- дейді.
Жақып
Асанов, ҚР Бас прокуроры:
65-бап
бойынша ол өзі мойындау керек. Ол өзі қылмыстың ашылуына барлық жағдайды жасау
керек. Ешқандай зияны болмау керек. Оны өтеу керек. Ол құқықтық мемлекетте
солай. Бұрын мұндай талай болатын, ол жабық болған соң, қоғам білмейтін. Бүгін
барлығы ашық.
Естеріңізе
салайық, Василий Ни тендер арқылы
"Қорғас-Тюльпан" серіктестігіне халықаралық орталық аумағында 5-класты қонақ үй кешенін салу үшін 1 млн АҚШ доллары
көлемінде пара алды деп айыпталған.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ