Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Оңтүстік Қазақстанда құқық қорғау қызметінің лауазымды тұлғалары қамауға алынды

AstanaTV
31.05.2017ж. 20:00
2920
Оңтүстік Қазақстанда құқық қорғау қызметінің лауазымды тұлғалары қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстанда төрт бірдей құқық қорғау органы қызметкері екі айға сот санкциясымен қамауға алынды. Олар «қызмет бабын пайдалана отырып есірткі затын сақтап, иемденген және тасымалдаған» деген күдікке іліккен. Шымкенттегі Әл-фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстанның ақпарына сүйенсек, барлығы да Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері. Екеуі бастықтың орынбасары. Үшінші тұлға жедел уәкіл қызметін атқарса, төртіншісі - учаскелік инспектор. Соңғысы «пара алды» деп айыпталған. Олардың қылмыстары дәлелденсе, 10 жылдан 15 жыл мерзімге дейін жаза арқалауы мүмкін.

Ғани Байарыстан, Шымкент қаласы Әл-фараби аудандық сотының судьясы:

Үш қызметкер де лауазымды тұлға болып танылады және қызмет бабын пайдалана отырып есірткі затын сақтаған, иемденген, тасымалдаған деген осындай айып тағылып отыр. Аталған азаматтардың сараланған іс-әрекеттері «аса ауыр қылмыс» болып саналады, үшеуіне қатысты. Ал бір қызметкерге қатысты учаскелік инспекторге ол кісінің әрекеті «ауыр қылмыс» санатына жататын қылмыс жасады деп сараланып отыр.