Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақ тілінің дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға көмегі зор - жапон дипломаты

AstanaTV
31.05.2017ж. 20:00
3853
Қазақ тілінің дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға көмегі зор - жапон дипломаты

Қазақ тілінің дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға көмегі зор. Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің үшінші хатшысы Марико Цунокаке осылай дейді. Небәрі 1 жылдың ішінде мемлекеттік тілді бір кісідей меңгерген ол 2012 жылы Қазақстанға келген. Ал 2013 жылдан бастап Астанада өз елінің елшілігінде қызмет етіп келеді. Цунокаке ханымның пікірінше, қай мемлекетте еңбек етсең, сол жердің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білу және құрметтеу керек.

Жапондықтар қайырымдылық шараларын да ұйымдастырып келеді. 1997 жылдан бері Жапония мен Қазақстан бірлесе отырып 85 жобаны іске асырған. Қазақстандық делегацияның сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыта түседі,-дейді дипломат. 

Марико Цунокаке, Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің үшінші хатшысы:

Осы жолғы сапар - ҚР Президенті Назарбаев мырзаның өткен жылы жүзеге асырылған сапарының жалғасы, деп айтса болады. Бұл сапар өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені партияаралық қарым-қатынас енді ғана дами бастады.