Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ағылшын тілінде сабақ беретін мамандардың мәселесі 2 жылда шешіледі - Е.Сағадиев

AstanaTV
31.05.2017ж. 20:00
2265
Ағылшын тілінде сабақ беретін мамандардың мәселесі 2 жылда шешіледі - Е.Сағадиев

Биыл мектеп бітірген 130 мың оқушының 97 мыңы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өткен Білім және ғылым министрлігінің есеп беру жиынында вице-министр Эльмира Суханбердиева осылай деді. Оның мәліметінше, 10 мамырға дейін өтініш қабылданып, сынаққа оқушылардың 67 пайызы қатысатыны белгілі болған. Бүгінде 10-11 сыныптарға ағылшын тілінде сабақ беретін 16 мыңнан астам мұғалім тапшы. Министрдің айтуынша, мәселе 2 жылда шешілмек.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрлігі:

Биылғы жылы 5000 мұғалім ағылшын тілін тереңірек меңгеруге кіріседі деп жоспарлаған едік. Бірақ, бізге 12 мың маман жазылды. Олар 9 ай бойы білімін жетілдіреді. Осы уақытта  жалақылары сақталады. Ұстаздардың дені оқуды бастап кетті. Келесі жылы да 12 мың мұғалімді оқытамыз деп жоспарлап отырмыз. Яғни 2 жылдың ішінде ағылшын тілінде сабақ бере алатын 5000-ға жуық колледж бен жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған бакалавр мен магистрлерді дайындап шығамыз.

Сондай-ақ, биыл мемлекеттік гранттардың да саны артатыны белгілі болды. Бакалавр дәрежесін алушыларға грант 31 мыңнан 37 мыңға, магистратурада білім аламын дегендерге 7 мыңнан 10 мыңға, ал докторанттарға грант 600-ден 800-ге дейін көбейтілген.