$527.58 €546.15 ₽5.29
×

Жамбылда кәсіпкерлерге негізсіз салықты көбейіткендер жазаға тартылды

21.01.2025ж. 20:00
218
Жамбылда кәсіпкерлерге негізсіз салықты көбейіткендер жазаға тартылды

Ал жамбылдық кәсіпкерлер экологияны ластағаны үшін екі есе артық салық арқалады. Бірақ прокурорлар оны негізсіз деп тапты. 45 ірі компанияға 3 млрд теңге салық салынған. Кемшілікке жол берген 8 лауазымды қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Олар экологиялық залал үшін төленетін кіріс көзін 2 есеге көп есептеген. Кесірінен компаниялар миллиардтап шығынға батқан. Айта кетейік, кәсіпкерлерге салмақ салғандар қатарында салық органдарынан бөлек, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, Экология департаменті мен әкімдік мамандары бар. 

АБАЙ АЛТАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
Базовый ставканы әр өңірде екі есеге көтеруге болады. Екі есе көтеуге мәслихаттың шешімі негіз болу керек. Бірақ бізде мәслихаттың шешімі болмаса да екі есе көтеріліп салық алынған.