Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Президент ЭКСПО-ға дайындық барысымен танысты

AstanaTV
01.06.2017ж. 20:00
3008
Президент ЭКСПО-ға дайындық барысымен танысты

Президент бүгін ЕХРО аумағын аралады. Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмеге дайындық барысын өз көзімен көріп қайтты. Ең алдымен көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» павильонымен танысты. Бұл - диаметрі 80 метр шар түрінде салынған әлемдегі бірегей ғимарат. Мұнда «Болашақтың энергиясы музейі» орналасқан. Қазақстанды таныстыру аймағы да бар. Президентке ғарыш энергиясы залы, отандық 28 ғылыми жоба және «Жасампаз энергия» аймағы, сондай-ақ Қазақстанның «Токамак» материалтану термоядролық реакторының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиақабырға таныстырылды. Нұрсұлтан Назарбаев көрме кешенінің Конгресс-орталығында болып, «Шаңырақ», «Аспан» залдарын, VIP-террасаны, Концерт залын көрді. Көрменің ашылу рәсімі қалай өтетіні де көрсетілді.