Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

«ЕХРО-2017» көрмесі кезінде Астанада ауа райы құбылмалы болады

AstanaTV
31.05.2017ж. 20:00
2930
«ЕХРО-2017» көрмесі кезінде Астанада ауа райы құбылмалы болады

«ЕХРО» көрмесі кезінде Астанада күн жаңбырлы болады. "Қазгидромет" мамандарының ақпаратынша, 10-шы маусымда жауын-шашын түсуі ықтимал. Бірақ күн жылы болады.  Синоптиктер жаздың алғашқы жартысында ауа-райы құбылмалы болатынын айтып отыр. Сондықтан арасында күн салқындайды деген жорамал бар.

Ардақ Қалменова, «Қазгидромет» РМК ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасының басшысы:

10-шы маусымда күндіз өткінші жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы +23-+25 градус. Жалпы маусым айындағы болжамға келер болсақ, айдың бірінші жартысында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды, тұрақсыз ауа райы күтіледі. Ал екінші жартысы жауын-шашынсыз, тұрақты болады.