$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Дарынды оқушылар «Болашақ» бағдарламасымен бакалавриатқа түсе алады

23.01.2025ж. 20:00
160
Дарынды оқушылар «Болашақ» бағдарламасымен бакалавриатқа түсе алады

Дарынды оқушылар «Болашақ» бағдарламасымен бакалавриатқа түсе алады. Бүгін Сенат мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелеріне қатысты заңды мақұлдады. Заңға сәйкес халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиада жеңімпаздарына конкурстан тыс мемлекеттік білім гранттары беріледі. 

ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Олимпиаданың тізімін енді бекітеміз жақында. Өйткені Заң өз күшіне енуі керек. Негізгі талап – қолында диплом болуы керек.

Сондай-ақ жасанды интеллект енді қазақша сөйлейді. Заң аясында қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры мен ұлттық корпусы құрылады. Мәтіндерді өңдеу, генерациялау және талдау үшін ауқымды тіл моделін қалыптастыруды көздейтін түзетулер енгізіледі. 

АЛТЫНБЕК НУХҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл түзетулер мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтату, қазақ тілінің сөздерін бірыңғай, қолжетімді, біріздендіру, ақпараттық анықтамалық болуды көздейтін түзетулер деп тануға болады.