Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылындағы Тәуелсіздік саябағы қоқыстан тазартылды. Шара «AMANAT» партиясының «Таза Бейсенбі» акциясының аясында өтті. Оған партияның аудандық филиалының ондаған қызметкері, жастар орталығы мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері жұмылдырылды. Олар желді ауа райына қарамастан арамшөп жұлып, қураған ағаштарды тазалады. Нәтижесінде 300 келіге жуық қоқыс жиналды.
АБЫЛАЙ АХМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Саябаққа қазір «AMANAT» партиясының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымының мүшелері және жастар өкілдері, коммуналдық мекеме қызметкерлері қатысып жатыр. Бүгінгі мақсатымыз – осы тазалықты сақтау, тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Ал Қызылордада «Жастар Рухы» белсенділері мен «AMANAT» партиясының мүшелері «Тағзым» алаңындағы қарды тазалады. Даңқ Аллеясының бойында соғыста қаза тапқан қызылордалықтардың есімдері жазылған ескерткіштер орнатылған. Партиялықтар ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – ортақ міндетіміз дейді. Айта кету керек, былтыр қалада дәл осындай 34 сенбілік ұйымдастырылып, 12 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Акцияға партия мүшелерінен бөлек қоғам белсенділері мен қарапайым тұрғындар қатысты.
ГҮЛШАТ МҰСАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бұл біздің экологияны сақтау, қоршаған ортаны қорғау, халықтың, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Соған қандай да болса күш салу, айналамызды таза ұстау, тазалықта өмір сүру. Осындай мақсаттарды көздейді.