$453.93 €508.72 ₽5.35

Құтқарушылар Бұқтырма су қоймасында төрт адамды эвакуациялады

Құтқарушылар Бұқтырма су қоймасында төрт адамды эвакуациялады
фото скрин

 

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының Киров шығанағында серуендеу катерімен оқыс оқиға орын алды. Техникалық ақауға байланысты катер бортындағы төрт адам көмек сұрап, эвакуациялауды өтінген, деп хабарлайды Astana TV.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, төрт адамды да аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ескертеді: суға шығар алдында жүзу құралының техникалық жарамдылығына көз жеткізіп, қажетті құтқару жабдықтарының бар-жоғын тексеру және барлық жолаушыны құтқару кеудешелерімен қамтамасыз ету қажет. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.