$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

24.01.2025ж. 20:00
134
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті. Ол агроөнеркәсіптік әлеуетті іске асыруға заңнамалық деңгейде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Өңірге сапар барысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы және аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға қатысты мәселелер де талқыланды. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін білікті, кәсіби мамандар мен барлық деңгейде кешенді жұмыс жүргізу қажет деді. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауды аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өдіріс орындарын барынша дамытуды тапсырғанын білесіздер. Соған сәйкес әр облыстың әлеуметтік эконмикалық әлеуетін толық пайдалануымыз қажет. Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндіріс және экспорт саласында ерекше орын алады. Осы бағыттарды ары қарай қарқынды дамыту үшін қосымша еңбек ресурстарына сұраныс болатыны анық. Сол себепті өңірдің одан әрі дәйекті дамуы үшін бұл мәселеге де үлкен мән беруіміз керек. Осы кездесуге облыста іргелі жобаларды іске асырып жүрген кәсіпорын өкілдерімен білікті мамандарды да шақырдық. Олардың да пікірін білу біз үшін маңызды.