ҚазАвтоЖол Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Жолды 26 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.