$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Қостанайда әкімдік ғимараты өртенді

AstanaTV
24.01.2025ж. 23:55
109
Қостанайда әкімдік ғимараты өртенді

Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылындағы әкімдік ғимараты өртеніп кетті. Қазір өрт сөндірушілер қызыл жалынмен арпалысып жатыр. Екі қабатты нысанда жергілік әкімдік және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан. 

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, 101 пультіне екі қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына тез арада өрт сөндірушілер жеткен.

"Елді мекеннің аудан орталығынан шалғайда орналасуы, ал ағаштан тұрғызылған ғимараттың тез тұтануы жұмысты қиындатты. Өрт шатырға қарай ойысқан. Қою түтін, ауа температурасының төмендігі және желді ауа райы да қиындық тудырып, жалын көршілес ғимараттарды шарпу қаупі туындады", - дейді ТЖМ өкілдері.

Бұл қиындықтарға қарамастан, өрт 100 текше метрге жеткенде ауыздықталған. Ғимараттың жалпы ауданы 250 шаршы метр. Өрт сөндірушілері ғимараттың толықтай өртеніп кетуін болдырмай, жақын маңда орналасқан басқа ғимараттарды өрттен сақтап қалды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.