$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылды

27.01.2025ж. 20:00
308
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылды

Қытай мен Қазақстан шекарасы жабылды. Бірақ уақытша. 1-ші ақпан кешкі сағат 20:00-ге дейін өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Яғни, пунктерден адамдар, көліктер мен жүк жіберілмейді. Десе де, теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Бұл шектеулер аспан асты еліндегі көктем мерекесіне байланысты енгізілді. Қытайда мейрам қарсаңында барлық мемлекеттік мекемелерден бастап, базар, ойын-сауық орталықтары түгел жабылады. Туристер мен тасымалдаушылар шектеуді ескеріп, бағыттарын алдын-ала жоспарлағаны абзал.