Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орыныда смартфон ұстауға тыйым салынды

AstanaTV
17.03.2016ж. 20:00
3097
Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орыныда смартфон ұстауға тыйым салынды

Мемлекеттік қызметркерлерге жұмыс орыныда смартфон ұстауға тыйым салынды. Бұл ақпаратты бүгін Сенаттың жалпы отырысына қатысқан бас полицей растады. Смартфонсыз жүруге Ішкі істер министрлігінің "Күзет" қызметімен қадағаланатын барлық мемлекеттік мекемелерде смартфон ұстауға тыйым салынады, деді Қалмұханбет Қасымов. Бұл тәртіп не үшін қажет? Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Шенеуніктердің мұндай шорт шешім қабылдауына соңғы кездері қызметтік құпия мәліметтердің жалпақ жұртқа тарап кетуі түрткі болуы мүмкін. Сақтық үшін істеліп жатқанын министр де растады. Айтуынша, өзі он жылдан астам қарапайым телефонды қолданады. Жұртқа да солай істеуге кеңес берді. 

Ал бас мұнайшы қалтасынан соңғы үлгідегі смартфонын суырып алып шықты. Бірақ ортақ тәртіпке бағынуға әзір. Өйткені шет елдерде маңызды жиындар мен келелі кеңестер әлдеқашан смартфонсыз өтетін көрінеді.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Во всех цивилизованных странах я не могу пройти ни с каким телефоном ни в какой госорган, в какую бы я страну ОЭСР не приехал.

Ал кезінде вице-министр болған Мұрат Әбенов бұл жаңалықты сарказммен қабылдады. Ақ жағалылар смартфонын сақтап қалу үшін, қулық-сұмдықтарға баруы мүмкін, дейді. Тіпті Фейсбуктегі парақшасында тыйым салынғаннан кейінгі жағдайды былайша суреттейді.

 «...Шын мәнінде, тыйым салынғанмен, адамдар орындай қоймайды. Смартофонды алып өтуге тырысады. Елестетіп көрсек, смартфонға қарсы арнайы полиция дәліздерді аралап, қойын-қонышымызды тінітеді. Ал қызметкерлер екі ауыз хабарлама жолдау үшін дәретханаға тығылады. Телефонды бәтеңке мен шұлықтарына жасырады. Бұл ұят қой!» 

Заңгер Сергей Уткин мәселені мемлекеттік мекемелерге келіп кететін қарапайым азаматтармен байланыстырды. Бұл жаңалық шенеуніктердің ашық әрі адал жұмыс істеуіне кедергі келтіреді дейді. Керісінше, әр кабинетке камера орнатылып, жұмыс барысы ашық әрі жариялы болу керек, дейді заңгер.

Сергей Уткин, заңгер:

Мемлекеттік мекемеге келушілердің камерасы мен диктофоны қалтасында. Жақында ғана маған бір клиент келді. Министрдің орынбасарына жеке қабылдауға кіріп шыққан. «Арадағы әңгімені телефондағы диктофонға жазып алдым. Міне, тыңдаңыз ол не дегенін», деп жазбаны ұсынды. Енді оны интернетке жариялаймыз ба, әрі қарай не істейміз, ақылдасып жүрміз. Міне, олар осыдан қорқады.

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Жақында елді дүрліктірген Ерасыл Әубәкіровтың қазасына қатысты кейбір тергеу мәліметттері көпшілікке тарап кеткен. Бірақ министр жаппай тиым ол оқиғамен байланысты емес дегенді айтты. Демек, мұндай шешім қабылдауға басқа да жайттар түрткі болған. Қалай болғанда да, жоғарыдан бұйрық түсті. Ал оған бағынбағандар қалай жазаланатыны әзірге белгісіз.