«Тапқан табысымыз азық-түлік пен коммуналдық қызметтен артылмайды». Қазір көпшіліктің бағаға қатысты айтар уәжі көп. Жанар-жағармай мен теміржол, әуе тасымалындағы тарифтердің де күн сайын көтерілуі халықтың ызасын тудыруда. Бағаның шарықтауы халықтың шымбайына батады.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қымбаттап жатыр. Неге екені белгісіз.
- Меніңше бәрі қымбаттап жатыр. 25-30 процентке қымбаттап жатыр.
- Азық-түлік 100пайызға қымбаттады. 10 мың теңгеге ештеңе ала алмайсың.Барлық нәрсе әр ай сайын өсіп жатыр. Ком.услуга әсіресе осы айда қатты көтерілді.
Бағаның көз ілеспес жылдамдықпен шарықтап жатқанын үкіметтегілер біледі. Премьер министр түйіткілдің түйінін тарқату үшін нарықтық баға саясатына кө көздеп отырғанын айтты. Бұл жүйенің артықшылығы көп дейді ол.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруды бастады. Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді.