$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда қылмыстық топты ұстау операциясы кезінде арнайы жасақ өкіліне оқ тиген

AstanaTV
02.06.2017ж. 20:00
2796
Алматыда қылмыстық топты ұстау операциясы кезінде арнайы жасақ өкіліне оқ тиген

Алматыда қылмыстық топты ұстау операциясы кезінде арнайы жасақтың бір қызметкеріне оқ тиіп, жараланған. Бұл туралы бүгін Алматы прокуроры Ғабит Миразов мәлімдеді. Қылмыстық топ арнайы операция кезінде қарулы қарсылық көрсеткені белгілі болды. Кәсіпкерлерді бопсалап, контарбандамен айналысқан, сондай-ақ адам ұрлап, тапсырыспен адам өлтірді деген айыппен топтың 17 мүшесі ұсталған.

Олардың арасында бұрын Әуезов аудандық ішкі істер басқармасын басқарған Бақыт Қасабеков те қылмыстық топтың құрамында әрекет еткен деген күдік бар. Арнайы операция барысында «Әділ Қытай» деп аталатын қылмыстық топтың жұмысын ұйымдастырған елу жастағы қылмыс әлемнінің серкесі Әділжан Зайнауддин екені анықталды. Үйлерді тексеру барысында қымбат көліктер, оқ дәрі мен шолақ мылтық,  автомат және есірткі табылған. Күдіктілердің барлығы сот санкциясымен екі айға дейін қамауға алынды.

Ғабит Миразов, Алматы қаласының прокуроры:

Алматы прокуратурасы аталған тұлғалардың қамауға алынуына қатысты талап арызды қолдайды. Сот шешімі де бар. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл іс бойынша толық ақпаратты алдағы уақытта береміз. Қазір дәлелдер жиналып жатыр. Әрине, бұрынғы полиция басқарма басшысының осы іске қатыстылығы бізді де алаңдатады.