Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оралдағы саяжайларда 13 мың адам тұрады

AstanaTV
02.06.2017ж. 20:00
2236
Оралдағы саяжайларда 13 мың адам тұрады

Орал қаласының іргесіндегі саяжайлар шағын ауылға айналып барады. Қазір ол жерлерде қысы-жазы 13 мың адам тұрады.

Ауылдағы баспанасын арзанға сатқан олар, саяжайдан жер алып, жиған-тергеніне үй салады. Үлкен бейнетпен тұрғызған баспанасына газ бен су өткізе алмай, әуреге түсіп жүргендері аз емес. Бұған шиеттей бала-шағаны бағу мен ай сайын төлейтін несиені қосыңыз.

Гүлжан Әбілқасымова, саяжай тұрғыны:

Қалаға келгенде күшті тұратын шығармыз деп ойладық. Бейнеттеніп үй салып жатырмыз, бірақ газымызды кіргізе алмай отырмыз. Менде бес бала бар, төртеуі сабаққа барады. 650 мыңға шығып тұр газымыз үйге кіргізуге. Соның жарты бағасына өткізіп беруге көмектессе, басқа ештеңе керек емес. Көктемде балшық болады мына жер. Балалар жүре алмайды аяқ киіммен, балшық кешіп келеді. 

Ауылдардан қалаларға ағылған адамдардың проблемалары шиленіскен мемлекеттік мәселеге айналуы мүмкін. Ертең 20.00-де "Біздің уақыт" ақпарат-сараптамалық бағдарламадан көріңіздер.