Нұротандықтар алапат су
тасқыннан жапа шеккен тұрғындарға қол ұшын созды. Бір топ партия мүшесін бастаған Республикалық
қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов Былғары зауыты кентінің
тұрғындарымен кездесіп, үйлердің жағдайын өз көзімен көрді.
Табиғи апатқа душар
болғандардың бірі - Валентина Фридрих. Екі баланы асырап отырған әйел үйіне әлі
де орала алар емес. Себебі судан ісініп кеткен ағаш қабырғалар енді қақырап
жатыр. Билік тарапы оған өтемақы ретінде 220 мың теңге бөлді. Ал партиялықтар
жалғызбасты ананы тұрмыстық техника және азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, "Нұр Отан" өкілдері жұмыс күшімен де көмектесетіндерін
жеткізді.
Валентина Фридрих, Былғары зауыты кентінің тұрғыны:
Мен бейнетке тап болғасын "Нұр Отанға" жолықтым. Олар бірден гуманитарлық көмекпен келді. Рахметімді айтамын. Қазір жөндеу жұмыстарына кірістім. Жолдасым 3,5 жыл бұрын қайтыс болды. Сондықтан жұмыс күші аздық етіп отыр. Нұротандықтар оған да көмектесеміз деді.
Артынша "Нұр Отан" партиясының мүшелерімен бірқатар министрлік өкілдері бірлесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Барар жері, басар тауы қалмаған жұрт осында көкейкесті мәселелерін арқалап келген. Бірі білім беру саласын қамтыса, енді бірі несиені қайта қаржыландыруды сұрады. Алайда, келгендердің көбі материалдық көмек сұрай келген.
Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:
Әрбір адам өзінің қиын жағдайға түскенімен, өз-өзімен қалмайды. Партия жұмыскерлері солардың қасында. Зардап шеккен уақытта ең бірінші болып біздің "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед барлық партиялықтарға өңірлерге осындай үндеумен шықты. "Көмектесіңдер, басында болыңдар" деген. Сол себепті біз осы жұмысты жалғастыра отыра, осында келдік.