Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбылда 10 шаруа кооперативке бірігу арқылы 60 гектар алма бағын өсіріп отыр

AstanaTV
02.06.2017ж. 20:00
3538
Жамбылда 10 шаруа кооперативке бірігу арқылы 60 гектар алма бағын өсіріп отыр

Жамбылда 10 шаруа кооперативке бірігу арқылы 60 гектар алма бағын өсіріп жатыр. Қарқынды алма бағы сербиялық технологияны таңдаған. Олар енді алма алуда бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетеміз деп отыр. Яғни 1 гектарынан 30 емес, 90 тоннаға дейін өнім алмақ. Бұл бағбандардың сырт елдің тәжірибесін енгізудегі алғашқы бастамалары. Ал кооператив ертеректе қолданылған ескі ұғым. Алайда, оны жаңа терминге айналдырып, жаңаша жұмыс жүргізіп отырған шаруалардың бастамасы қалай?  Олар ұжымға бірігуден не ұтады? Тиімді тұстарын Данияр Әлімқұл біліп көрді.

Бұл қарқынды бақтың қожасы біреу ғана емес, 10 бірдей егесі бар. Жамбыл ауданының шаруалары бірлесіп, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы  6 пайызбен 10 жылға 670 млн теңге алған. Оны 10 отбасыға бөлгенде 67 млн теңгеге айналады. 40 пайызы мемлекет мойынында. 

Рустам Ғанижанов, «Әулие-Ата алма» ӨК төрағасы:

Біздің бір ұтқан жеріміз - бірігуіміз. Олай етпесек, мұндай ауқымды алма бағын ашу бір адамның қолынан келмейді. Бізге 10 жылға берілген лизингтің төлемі 3 жылдан кейін басталады. Бұл да бізге жасалған жеңілдік. Яғни үшінші жылы өнімді мол аламыз да, төлем жасауда қиналмаймыз. Алғашқы төлем кезінде 4-5 млн теңгедей қаржы құямыз.

Қазір ат шаптырым алма алқабында 125 мың жас дарақ жайқалып тұр. Барлығы сербиялық тұқым. Оның өзінің бес түрі бар. 50 гектар бақ 10 адамға 5 гектардан бөлінеді. Сонда өнім аларда талас та тумайды.

Бағбандар алма алуда бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетеміз дейді.

Қасымхан Қанаев: «Әулие-Ата Алма» ӨК мүшесі:

Кеңестер дәуірі кезінде 1 гектар алма бақтан 18-20 тонна алсақ, ол өте үлкен жетістік боп саналатын. Қазіргі мынау интенсивті бақтан 40-50 тонна өнім аламыз 1 гектарынан. Жақсы күтім кезінде бұдан 80-90 тонна өнім алуға болады.

25 адам жұмыс істейтін мұндай кооператив қатары биыл тағы да толықпақ. Мамандар, мал шаруашылығы мен дәнді-дақыл өсірушілерден кейін, аймақта алма баптаушылар қатары артып келетін айтады.

Өксікбай Оразымбетов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ЖОФ директоры:

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" осы бағытты қаржыландыруды 2015 жылдан бастап жүргізіп жатыр. 500 гектарға дейін біздің облыста жеткізу міндеті тұр. Биыл тағы да 2 жоба - 100 гектар бақ іске қосылуда. 2 жылдың ішінде бұл жұмыстарға 2,6 млрд теңге бағытталды.

Данияр Әлімқұл, тілші:

60
гектар алқаптың 50-і таза жеміс бауы. Ал, 10 гектары инфрақұрылымына арналған. Бақты баптауға бағбандар барын салуда. Жеміс бауын жегі жәндіктерден қорғау үшін жылына 50 тонна тыңайтқыш тартылады. Жалпы, жылдық күтіміне 25 миллион теңге жұмсалады. Мұның өзі аз ақша емес. Биыл мұндағылар ағаштардың гүлдеген күлтелерін жұлып тастағанӨйткені бәкене бойы біршама өсуі керек екен. Толық қуатына 5 жылдан кейін шықпақ.