$485.11 €523.82 ₽5.02
×

H&M ашылуы

AstanaTV
02.06.2017ж. 20:00
4185
H&M ашылуы

Фэшн-индустриядағы әлемдік алып H&M бүгін алғашқы рет Астанада MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында өз есігін ашты. Осы маркадағы дүкендердің іске қосылуы бүкіл әлемде жарқын және есте қаларлықтай оқиға болып келеді. Толығырақ біздің келесі материалда.

H&M-нің алғашқы қонақтары MEGA Silk Way-ге түнгі он екіден келген. Таңғы 11-ге таман сән кезегінде 1000 астам адам тұрды.  Бүкіл әлемге әйгілі танымал брендтің ашылуы осылай өтеді.

Жанаргүл, жеңімпаз:

Кешкі 6-дан бастап мен кезекке келдім. Сертификат алдым 30 мыңға, оған жазғы киімдер алып, анама көйлек алып беруді жоспарлап отырмын.

Дәулет, жеңімпаз:

Менде отбасыма сыйлық алуды қалаймын. Бізде кеше кешкі сағат 6-дан бастап келдік. Әрине, қуаныштымыз ұтқанымызға.

MEGA Silk Way-де H&M-нің жақсы бастамасы - бұл Қазақстандағы танымал брендтің үшінші рет ашылуы. 2017-нің көктемінде Алматыда MEGA Alma-Ata мен MEGA Park-та дүкендер іске қосылды. Бүгінгі таңда MEGA сауда-ойын-суық орталықтарының желісі - халықаралық брендтердің нарыққа шығу үшін және қазақстандық брендтердің алға жылжуына негізгі алаң болып келеді.

Татьяна Ходжаева, «Mega Center Managment» АҚ жалға беру департаментінің маманы:

Жалға алушылар MEGA командасында сенімді серіктестікті көреді. Ритейлерлерді, отандық кәсіпкерлер мен өндірушілерді қолдауға тырысамыз, жеңілдіктер жасаймыз, сауда орындарына адам ағымын қамтамасыз етеміз, қызмет көрсету жұмыстарын және жұмыс істеу форматтарын жаңартудамыз. Қазіргі таңда біз бүкіл MEGA желісі бойынша бейілділік, ниеттестік бағдарламасын енгізумен айналысудамыз.

Бар жоғы он жыл ішінде Қазақстан нарығына MEGA арқылы жетпістен астам үлкен халықаралық компаниялар кірді. Қазақстандағы ең ірі MEGA желісі жыл сайын 36 миллионнан астам қонақ қабылдайды. Ал астаналық СОО-ғы кезек - жай кезек емес, бұл- оқиға. Ол жердегі ел жаңа фэшн-әсер алу үшін тұрғандар.