Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Қорғас» бекетінде адам өліміне соқтырған оқиға орын алды

AstanaTV
05.06.2017ж. 20:00
2521
«Қорғас» бекетінде адам өліміне соқтырған оқиға орын алды

Алматы облысындағы «Қорғас» кеден бекетінде адам өліміне соқтырған оқиғаға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. Халықаралық шекара аймағындағы сауда орталығы аумағында екі азамат сөзге келіп қалған. Саудамен айналысатын Диас Кәрібжанов екінші жігіт Қуаныш Төлегеновке пышақ сұғып алған. Екеуара жанжал сол маңдағы бейнебақылау құрылғысына жазылыпты. Жарақат алған жігіт ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Ал күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Мән-жайды полиция анықтап жатыр.

Айман Мырзекова, Алматы облысы ІІД ресми өкілі:

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы І тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық іске қатысы бар күдікті, яғни 1995 жылғы Панфилов ауданының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.