$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«ЕХРО-2017» көрмесі кезінде қауіпсіздік мәселесі толық бақылауда болуы керек - Н.Назарбаев

AstanaTV
05.06.2017ж. 20:00
2480
«ЕХРО-2017»  көрмесі кезінде қауіпсіздік мәселесі толық бақылауда болуы керек - Н.Назарбаев

«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі кезінде қауіпсіздік мәселесі толық бақылауда болуы керек.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдау барысында осылай деді. Кәрім Мәсімов мемлекет басшысына өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе жасалып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Сондай-ақ, Президент «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасын қабылдады. Кездесу барысында Тимур Құлыбаев қолға алынып жатқан бастамалар жайында мәлімет берді. Солардың бірі - өткен жылы басталған «Бастау» бағдарламасы. Биыл жобаға 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінді. Бағдарлама аясында еліміздің 80 ауданында жұмыс жүргізіп, 15 мың адам оқытылады, - деді Құлыбаев. Елбасы шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығына тоқталды, бұл бағыт бойынша қабылданған шаралардың нәтижелерін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

За последнее время со стороны правоохранительных и местных органов мы приняли много важных решений по поддержке малого и среднего бизнеса. Это и вопросы микрокредитования и обучения людей бизнесу.