$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жаңа отандық жер серігі 2023 жылы ұшырылады

AstanaTV
05.06.2017ж. 20:00
3215
Жаңа отандық жер серігі 2023 жылы ұшырылады

2023 жылы жаңа отандық жер серігі ғарышқа ұшырылады. Осылайша  Казсат-2-ні KazSat - 2R алмастырмақ. Мәжілісте өткен үкімет сағатында жаңа жобаға қанша қаражат керектігі де айтылды. Ал улы гептилмен ұшатын протондардан 2025 жылы құтылуымыз мүмкін. Эологиялық таза зымырандарға арналған "Сұңқар" бағдарламасының қашан іске қосылатыны туралы  аэроғарыш министрі айтып берді.

Депутаттардың "ғарышқа" сапары үш сағатқа созылды. Мәжілісмендерді "үшінші" ғарышкердің орбитада не тындырғаны да қызықтырды. Мәселен, Айдын Айымбетовтің сапары нәтижесінде орбитадағы міндетті ас-ауқат ретінде қазақтардың "Дастархан-6" мәзірі енгізілген.

Им осебенно понравились такие продукты, как наш творог и курт. Именно содержащие кальций... 

Атамқұловтың айтуынша, 2023 жылы Казсат-2 қайта жаңартылады. Қазіргі жерсергі 12 млрд астам қаржы тапқан. Оның қызметіне жүгінетін өзіміздің мемлекеттік органдар, ауыл шаруашылығы, Қорғаныс министрліктері. Жаңа жер серігін ұшыруға бюджеттен 60 млрд теңге қажет. Депутат Альберт Рау Байқоңырға қатысты алаңдайды. "Шығыс" ғарыш айлағын салуға қыруар ақша жұмсаған көрші Ресей 2030 жылдан бастап ғарышқа тек өз аумағы арқылы ұшуды жоспарлаған. Сондықтан ендігі Байқоңырды жалдауға қатысты олардың ұстанымын анықтап алу керек, дейді.

Жоспарларында 1000 жұмыс орынына қысқарту бар. Ұшу санына байланысты. Мың адамды қысқартса, бірінші кезекте біздің азаматтар ілігеді.

Алайда, министр депутаттың бұл сөздерін растамады.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: 

На данное время этот вопрос снят. Так как на сегодня несколько запусков намечено. 

Ал "Байқоңыр" улы гептилден 2025 жылы құтылуы керек. Өйткені Ресеймен бірлесе 17 тонна жүк көтеруге қауқарлы экологиялық таза зымыран тасығышы құрастырылады. Оған дейін гептил отынымен 2021 жылға дейін жылына 7 рет, содан соң, 4 рет ұшады деп келісілген. Жаңа бағдарлама "Сұңқар" деп аталады. Оған қанша қаржы керегі есептеулі тұр. Министрлік бюджетке 2019 жылы қолқа салмақшы.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: 

"Сұңқар" 25 жылы ұшырылады. Бұл жобаның құны 750 млн доллар.

Айтпақшы, қазақтың 4-ші ғарышкері қашан ұшады? Тек турист ретінде емес, алдымен ғылыми зерттеу бағдарлама әзірленуі керек. Ол дайын болса, біз дайын, - дейді Атамқұлов. Айта кетейік, бір адамды ғарышқа ұшыру 30 млн доллар тұрады.