Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда ең қуатты кәріз желісінің құрылысы аяқталуға жақын

AstanaTV
05.06.2017ж. 20:00
2288
Алматыда ең қуатты кәріз желісінің құрылысы аяқталуға жақын

Алматыда қуатты кәріз желісінің құрылысы аяқталып келеді. Өткізу қабілеті жоғары үлкен диаметрлі құбырлар жүргізу өткен жылы басталған. Түркісіб ауданында тұрғын үйлер мен мекемелерден шығатын қалдықты арнайы тазалау бекетіне жеткізетін кәріз желсінің ұзындығы 9 шақырым. Жоба құрлысын «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы арнайы комиссия бақылап отырды. Бүгін партия өкілдері мен мәслихат депутаттары маңызды құрылыс жұмысымен танысты. «Нұрлы жол» бағдарласымен салынып жатқан жобаға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. 

Алексей Брискин, мердігер компанияның бас директоры:

Қала жыл сайын өсіп жатыр. Тиісінше кәріз қалдықтарының да көлемі артқан. Сондықтан осындай үлкен диамертлі құбырлар желісі құрылысына мән беріліп отыр. Қаладағы ауыртпалықты біршама азайтатын жоба деп білемін.

Шахардың төменгі аудандарына қызмет көрсететін ескі желі тозған. Ал жаңа салынып жатқан дәліз одан бірнеше есе қуатты. Пайдалану мерзімі 2030 жылға дейін есептелген. 

Асылхан Төлепов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан»  фракциясының мүшесі:

Ешқандай кедергі жоқ. Тұрғындар бір-екі кедергі болған, арыздар болған, бірақ оның барлығы өз орнына келді. Екі миллиардқа жуық ақша бөлінді. Соның қазіргі таңда екі миллиардтай ақшаның бірталай бөлігі игеріліп, жұмыстар өз уақытында жүріп жатыр.