$515.97 €537.8 ₽5.25
×

«СӨЙЛЕ» тілдесу клубының аудиториясы кеңейіп келеді

05.02.2025ж. 20:00
72
«СӨЙЛЕ» тілдесу клубының аудиториясы кеңейіп келеді

Көкшетауда қазақ тілін еркін меңгеруге ұмтылған жастардың қатары артқан. «СӨЙЛЕ» тілдесу клубының амбассадоры Яков Фёдоров осылай дейді. Ақмола облыстық «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған кезекті сабақ барысында қатысушылар тілді меңгеру қабілеттерін арттырды. Екі жыл бұрын «Менің елім – менің тілім» жобасы аясында ашылған «СӨЙЛЕ» тілдесу клубына 5000-ға жуық адам қатысты. Ұйымдастырушылар интерактивті формат, ойындар мен экскурсияларды қамтитын жаңа әдіс-тәсілдерді жоспарлауда.

ЯКОВ ФЁДОРОВ, ЖОБА АМБАССАДОРЫ:

Менің ойымша, әр қатысушы тек қана тіл емес, қазақ мәдениетін білу керек. Сол себептен біз осы екі жыл ішінде шамамен 115 іс-шара өткіздік. Мысалы, қатысушыларымыз театрға барады, музейлерге барады немесе көшелерде тұрғындармен сөйлейді, танысады. Тренердің тапсырысы бойынша дүкендерде әр түрлі заттарды алады.