Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбе халқы лаңкестер қолынан қаза тапқан азаматтарды еске алды

AstanaTV
06.06.2017ж. 20:00
4080
Ақтөбе халқы лаңкестер қолынан қаза тапқан азаматтарды еске алды

Ақтөбе халқы лаңкестер қолынан қаза тапқан азаматтарды еске алды. Марқұмдардың балалары қала сыртындағы лагерьлерде тегін демалады. Бұл туралы аймақ әкімі хабарлады. Шахардағы 66∕55 әскери бөлімінде ерлікпен қаза тапқан жандарды еске алу шарасы өтті.

Осыдан  бір жыл бұрын аталған әскери бөлімге шабуыл жасаған лаңкестерге тойтарыс берген 3 азамат көз жұмған еді. Олар майор Даниэль Майлыбаев пен сержант Берікжан Қалиев және қатардағы жауынгер Досбол Сапар. Бүгінгі шараға олардың туыстары мен ата-аналары арнайы келді. Әскерилер сап түзеп, әріптестерінің рухына тағзым етті. Айта кетейік, атыс кезінде 6 жауынгер жараланған. Бүгінгі шараға олар да арнайы шақырылды.

Жұлдыз Құдабаева, Досбол Сапардың анасы:

Еліміздегі барлық жасұландықтарға патриоттық сезімде болыңдар дегім келеді. Мен айтар едім, жас ұрпаққа діни экстремизмге қарсы болыңдар деп айтар едім. Біздің мақсатымыз - мәңгілік ел болу.

Сырым Сүндетов, Шымкент қаласындағы 65∕06 әскери бөлімінің қызметкері:

2 жерімнен огнестрельное, 8 жерімнен ножевое ранение алған болатынмын. Одан бері 1 жыл өтті. Өздеріңіз көріп тұрғандай, шамалы өзімді жағдайым жақсы жағынан көрініп жатыр. 

Соңғы бір жылда әскери бөлімде қосымша қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Нысан толықтай бейнебақылауда. Қоршаулар биіктетіліп, қақпа алдына арнайы тосқауыл бекеттері қойылған. Сондай-ақ, ішкі тәртіп пен кәсіби шеберліктеріне де ерекше мән беріледі.