$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Алматыға пошта арқылы жеткен: балаларға арналған дәрінің ішінен есірткі шықты

AstanaTV
06.02.2025ж. 11:43
104
Алматыға пошта арқылы жеткен: балаларға арналған дәрінің ішінен есірткі шықты

Алматыда шетелден жеткізілген «аквамариус» дәрісінің қорпшасынан есірткі салынған сәлемдеме табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Есірткі поштаның қауіпсіздік қызметі мамандарының көмегімен анықталды.

«Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.