$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Шетелден келген сәлемдемеден есірткі табылды

06.02.2025ж. 20:00
101
Шетелден келген сәлемдемеден есірткі табылды

Алматыда шетелден келген дәрі қорапшасының ішінен есірткі табылды. Қаланың 30 жастағы тұрғынына АҚШ елінен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме келген. Поштаның қауіпсіздік қызметінің күдігіне іліккен жолдаманы тексеру барысында жасыл түсті, ерекше исі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама тәркіленді. Күдікті қамауға алынды.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сот химиялық сараптама тағайындады. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады.