Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы түрмеде отырған азамат бомба туралы жалған ақпарат беріп, 112, 103 және 102 қызметтерін аяғынан тік тұрғызған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, №71 түрмеде отырған ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 25 жылға сотталған екен. Осылайша, түрмеде отырған ол 2024 жылдың қарашасында Талдықорған қаласының №25 орта мектебінде және қаланың вокзалында бомба бар деп жалған ақпарат таратқан.
«Объектілерді эвакуациялау және тексеру барысында жарылғыш заттар табылған. Сот оны ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алдыңғы үкім бойынша өтелмеген жазаның ішінара қосылуын ескере отырып, соңғы жаза 25 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.