Атырауда бірнеше азаматтан 500 келіден астам заңсыз балық тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды polisia.kz.
Исатай ауданы Жанбай ауылы маңында Каспий теңізі жағалауында рейдтік іс-шара кезінде Урал мотокөлігін тізгіндеген төрт ер азамат шана сүйреп келе жатқан жерінен тоқтатылды.
Тексеру барысында шанадан 10 қапқа салынған 530 келі белгіленбеген жерден заңсыз ауланған қара балық табылды.
Күдіктілерден екі пышақ пен екі радиоқабылдағыш тәркіленді.
Тәркіленген балықтар "Тілекші" цехына тапсырылып, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.