$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды

AstanaTV
07.02.2025ж. 16:45
75
Бурабай көлдерінде квадроциклмен жүруге тыйым салынды

Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында тыйымға қарамастан Бурабай көлінде квадроциклмен жүрудің 8 фактісі тіркелді.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі №555 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларына» сәйкес, Бурабай көлінің мұз бетінде квадроциклмен жүруге тыйым салынғанын хабарлайды.

Осылайша, ұлттық парк көлде аталған бизнес түріне рұқсат жоғын еске салады. Көлдер маңында «Көлге кіруге тыйым салынады» деген ақпараттық тақталар орнатылған. 

Одан бөлек, күн сайын ұлттық парктің инспекторлық құрамы Бурабай аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін рейд жүргізеді. 

- Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жалпы қолданыстағы жолдан Бурабай көлінің мұзайдынына квадроциклдер шығып кетуіне байланысты 8 факті тіркелді. Көлік құралдары тәркіленіп, иелеріне әкімшілік айыппұл салынды. «Бурабай» парк ұжымы ұлттық саябаққа келушілерден табиғатқа жанашырлық танытуды, ықтиятпен қарауды сұрайды, - делінген хабарламада. 

Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілеріне куә болған жағдайда, парктің жедел басқару орталығына 8 (716 36) 7 - 17 – 15 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады,-деп жазады kaz.inform.kz.