$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Ақтөбе тұрғыны бірнеше минутта танысының атына екі несие рәсімдеп, анасының шотына аударып үлгерген

AstanaTV
07.02.2025ж. 17:12
77
Ақтөбе тұрғыны бірнеше минутта танысының атына екі несие рәсімдеп, анасының шотына аударып үлгерген

Ақтөбе облысының тұрғыны танысының атына жасырын түрде несие рәсімдеп, ақшаны анасының есепшотына аударған деген күдікке ілінді. Ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жәбірленуші полицияға заңсыз несие рәсімделгенін айтып арызданған.

«Тергеу барысында күдіктінің Қандыағаш қаласындағы досына қонаққа барғаны, ол жерден жұмыс үшін досының телефон нөмірін сұрағаны анықталды. Бірнеше минут ішінде әйел бөтен телефон арқылы екі банктен 1 350 000 теңгеге несие алып, анасының есепшотына аударып үлгерген», - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.