$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелеріне қатысты республикалық кеңес өткізді

07.02.2025ж. 20:00
294
Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелеріне қатысты республикалық кеңес өткізді

Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясат және идеология жұмысына қатысты республикалық кеңес өтті. Іс-шарада Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыруға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылар қауымдастығымен өзара байланысқа, ақпараттық және жастар саясатына қатысты мәселелер талқыланды. Мемлекеттік кеңесші идеология саласындағы негізгі басымдық қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақты қамтамасыз етумен қатар, жалпыұлттық құндылықтарды орнықтыру және жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру жұмыстарына беріліп отырғанын айтты. "Осы себепті мемлекеттің бүгінгі саясаты «Заң және Тәртіп» қағидасын бекітуге, «Таза Қазақстан» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған" деді ол. Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға қоғамдық келісімді нығайту үшін ішкі саясат саласындағы жұмысты жетілдіру туралы нақты тапсырмалар берді.