$447.73 €502.98 ₽5.35

“Маған үзіліс алу керек“: Рыбакина жеңілісінен кейін пікір білдірді

“Маған үзіліс алу керек“: Рыбакина жеңілісінен кейін пікір білдірді
Фото: Турар Қазанғапов

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы China Open турнирінің екінші айналымында тосыннан жеңілгеннен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Astana TV.

Рыбакина бұл турнирде әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде алғаш рет кортқа шықты. Оның қарсыласы Армения өкілі, әлемдік рейтингте 118-орында тұрған Алина Чараева болды.

Алғашқы сет Рыбакинаның пайдасына аяқталды – 6:3. Алайда келесі екі сетте Чараева басым түсті – 6:4, 6:3. Кездесу екі сағат 12 минутқа созылды.

"Бүгін корттағы ойын өте ауыр өтті. US Open-дегі жеңістен кейін көп жағдай болды, дұрыс ұйықтап, толық қалпыма келуге уақыт болмады. Алинаны жеңісімен құттықтаймын, ол өте жақсы матч өткізді. Ойынның аяғына қарай табанымнан аздап жайсыздық сезіндім. Сондықтан біраз үзіліс жасап, қалпыма келуім керек. Алдағы апталардың кестесіне де қараймыз. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге рақмет. Келесі жылы Бейжіңде қайта кездесеміз", – деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Қазақстандық теннисші бір апта демалып, содан кейін жарыстарға қайта оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Қазір бір апта демаламын. Аяғым толық қалпына келеді деп үміттенемін. Маусымның қалған турнирлеріне қатысып, 2026 жылды толық аяқтағым келеді", – деді Рыбакина.