Қазақстандық блогер Мерей Абилова болашақ жарының қандай болатынын жиі елестеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Архивты қарап осы видеоны тауып алдым. Алладан бәтеңкенің бауына дейін сұра демекші, барлығын айтыппын. Айтып қана қоймай, болашақ жарым қандай болатынын елестетуші едім. Армандар картама жабыстырып, түр-сипатына дейін фотосын жабыстырып тастаушы едім. Тіпті тойымыздың қалай өтетіні, ұсыныс қалай жасалу керегіне дейін көз алдыма елестеттім. Бәрі айна-қатесіз орындалды», – деді блогер.
Ол видеода күйеуінің сырт-келбеті қандай болуы керек екенін айтады. Содан кейін жігіттіңматериалдық жағдайы туралы сұраққа жауап береді.
«Менің мына айтқан талаптарыма сай болса, ол итак бай деген сөз. «Европаға кеттік» деп аяқ астынан шығып кете алатын жағдайы бар болуы керек. Ата-анасы заманауи көзқараста болса. Гелик айдайтын жігіттерді жақсы көремін», – деді ол.