Астанада қыз биіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 9 ақпанда Кенесары мен Уәлиханов көшелері қиылысындағы көпқабатты үйдің бірінде болған. Оқиға куәгерлері мерт болған қыздың 16 жаста екенін, ол 16 қабаттан құлағанын айтып жатыр.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі елорда тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді ведомство өкілдері.