Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандықтар ұялы байланыс операторларының жұмысына шағымдана алады

AstanaTV
21.06.2017ж. 20:00
2449
Қазақстандықтар ұялы байланыс операторларының жұмысына шағымдана алады

Қазақстандықтар бұдан былай ұялы байланыс операторларының жұмысына шағымдана алады. Ол бойынша арнайы қызмет түрі биылғы жылдың соңында іске қосылмақ. Бұл туралы Ақпарат жəне коммуникация министрі Дəурен Абаев халықпен есепті кездесуінде мəлімдеді.  Министрлік тұрғындардың əрбір шағымына назар аударып, дер кезінде шара қолданады,- деп уəде берді 

Дəурен Абаев, ҚР Ақпарат жəне коммуникация министрі:

Жыл аяғына дейін министрлік сайтында "Ұялы байланыс сапасын халықтық қалағалау" қызметі іске қосылады. Телефон байланысындағы түрлі кінəраттар мен проблемалар жайында кез келген адам өз пікірін білдіруге мүмкіндігі болады. Біз əрбір өтініш немесе шағымға шұғыл назар аударамыз.

Айжан ҚУАШ