Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Франция павильонында көрсетілген гибрид автокөлік 1 миллион еуро тұрады

AstanaTV
21.06.2017ж. 20:00
3749
Франция павильонында көрсетілген гибрид автокөлік 1 миллион еуро тұрады

Бағасы 1 миллион еуро тұратын электромобиль, ақылды қала және Париждің елордадағы бір бөлшегі. Бүгін ЭКСПОда Францияның Ұлттық күні аталып өтті. Француздар тек инновациялық жаңалықтарын ғана емес, Астанаға көтеріңкі көңіл-күй де ала келіпті. 

ЭКСПОдағы ең үлкен павильонға ие. Бұл алаңда жасыл экономиканы қамтыған жаңа жетістіктерді тамашалауға болады. Аталған тақырып олар үшін маңызды. Себебі климатқа байланысты тарихи шешім осы елде қабылданған. Үздік деп таңдалған компаниялар өздерінің өнер табыстарын ала келген. Солардың бірі - қаланы абаттандыра отырып, ауадағы оттегінің үлес салмағын арттырады.

Павильонның көркін ашып тұрған дүние - Peugeot Quartz автокөлігі. Электр қуаты және жанармаймен жүретін техниканың бағасы да қомақты. 1 миллион еуро тұрады. 

Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:

Табиғатты қорғайтын және қозғалыс құралы болатын қандай көлік ойлап тапсақ болады? Осы төңіректегі сұрақтың жауабын гибрид көлігін жасау арқылы таптық. Бұл көлік 3 сағатқа дейін электр қуатымен жүреді, әрі қарай жанармайға ауысады. Бұл өте қызықты дүние.

Электромобиль 2019 жылдан бастап шығарылады,- дейді ұйымдастырушылар. Көлік арнайы құрылғы арқылы қуат алады және экологиялық таза материалдардан жасалады.