$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Сидней қаласын топан су басты

AstanaTV
10.02.2025ж. 21:14
397
Сидней қаласын топан су басты

Толассыз жаңбырдан Австралияның Сидней қаласын су басты. Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпарат бойынша бір күнде шаһарға 100 миллиметр жауын түскен. Соның салдарынан көшелер көлге айналып, жұрттың жүріп тұруы қиындаған.

Әзірге нөсерден қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Зақым келген ғимараттар мен көліктер жайлы да ақпар жоқ

Қала билігі тұрғындарды барынша сақ болуа шақырып жатыр. Себебі ауа райы әлі де қолайсыз болады деген болжам бар.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.