Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан мен көрші елдердің тарихшылары ғылыми әріптестік орнатты

AstanaTV
21.06.2017ж. 20:00
3023
Қазақстан мен көрші елдердің тарихшылары ғылыми әріптестік орнатты

Қазақстан мен Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан тарихшылары ғылыми әріптестік орнатты. "Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні" атты халықаралық ғылыми конференцияда тараптар келісімге отырды. Мақсат - президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында ортақ тарихымызды түгендеу.

Көрші елдермен әріптестік қазірдің өзінде нәтиже бере бастаған. Ресей тарапы соғыс жылдары мен ашаршылық кезіндегі тың деректермен бөліспек. Тарихшылар Әзірбайжан мұрағаттарынан да бұған дейін беймәлім болып келген ақпараттарды алуға ниетті. Орта ғасырдағы қазақ хандарының көрші ел билеушілерімен қарым-қатынасы туралы құнды мәліметтер жақында белгілі болмақ.