Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Людмила Рубанды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ дерегінше, әуежайды патрульдеу барысында тәртіп сақшылары Түрксіб аудандық полиция басқармасынан келіп түскен бағдарға сәйкес келетін әйелді байқап, оның жеке басын тексерді.
Нәтижесінде оның бір күн бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған 67 жастағы азаматша екені расталды.
Жеке басын анықтағаннан кейін Людмила Рубан оқиғаның мән-жайын одан әрі тексеру және қажетті көмек көрсету үшін іздестіру бастамашысына берілді.