$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Павлодарда 30-ға жуық елдімекенді су басуы мүмкін

13.02.2025ж. 20:00
216
Павлодарда 30-ға жуық елдімекенді су басуы мүмкін

Павлодарда 30-ға жуық елдімекенді көктемде су басуы мүмкін. Әсіресе, Баянауыл, Ақтоғай, Ертіс аудандарында қауіп жоғары. Биыл қардың мөлшері жылдағыдан 7 пайызға көп. Бірақ, топырақтың қату көрсеткіші былтырғыдан 41 пайыз аз. Қазгидромент мамандарының болжауынша, ақпанның екінші он күндігі мен наурыз айының басында ылғал мөлшері көп болады. Қар жауып, күн күрт жылынуы мүмкін. Тасқын қаупі аса жоғары 8-елдімекен ерекше бақылауға алынған. Бөгеттер қалпына келтіріліп жатыр. Ал қар шығару жұмыстарына тұрғындардан шағым көп. Төтенше жағдайлар департаменті әкімдіктерге осы мәселе бойынша ескерту жасады.

РҮСТЕМБЕК ӘМІРИН, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:

«Ақжар», «Қаратоқа» бөгеттері алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл бөгеттер Қарағанды облысымен шекарада орналасқандықтан, бізге қауіп төндіреді. Әсіресе, Баянауыл ауданы зардап шегуі мүмкін. Сол себепті Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментіне хат жаздық. Ал қардың мөлшері артып келеді. Кейбір аудандар қар шығару жұмыстарын уақытылы атқармай отыр.