ЕХРО қарсаңында Елордада тағы бір ерекше мәдени шара бастауын алды. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, өнер қайраткері Ерболат Төлепбайдың «Бес күн» атты жеке көрмесі ашылды. Оған автордың 70-ке тарта еңбектері қойылған.
Ұлттық мұражайда өткен шараға жиналғандар суретшінің шығармашылық шеберлігіне тоқталып, туындыларының тереңдігін атап өтті. Ерболат Төлепбайдың суреттері ТМД елдерінде, Азия мен Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, сондай-ақ АҚШ-тағы жеке коллекцияларда сақтаулы. Көрме автордың анасы Ұлдар әженің 100 жылдығына арналыпты. Басты тақырып - нәзік жандылардың тағдыры. Көрме 10 шілдеге дейін жалғасады.
Ерболат Төлепбай, суретші, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері:
86-ға келген жасында анамнан сұрадым. Көп жыл өмір сүрдіңіз, ризасыз ба бұл өмірге дегенде, маған айтты, әрине, мен ризамын. Бірақ, бұл өмір өтпелі. Сондай жылдам өтетін өмір. Оған мән бергенің дұрыс деген еді. «Бес күн» арқылы бүкіл көрермендеріме айтқым келетіні, мына 5 күн өмірді дұрыс пайдаланайық.
Айбек
ҚОСАН