Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елбасы Қазақстан мен Қытай арасында шешілмеген мәселе жоғын айтты

AstanaTV
08.06.2017ж. 20:00
3508
Елбасы Қазақстан мен Қытай арасында шешілмеген мәселе жоғын айтты

Қазақстан мен Қытай арасында шешілмеген мәселе жоқ. Ақордада Аспан асты елінің төрағасын ресми түрде қабылдаған Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ықпалдастыққа, тек қана өрлеу бағытында деген баға берді. Қоc ел басшысы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар қазақ-қытай министрлері өзара ынтымақтастық туралы оннан астам келісім қабылдады. Ақордадағы қабылдау туралы Айгүл Әдепбай.

Дәстүр бойынша екі елдің Әнұраны шырқалып, салтанатты рәсімнен соң Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин әуелі шағын құрамда кездесті. Бүгінде қазақ елінде Қытай капиталымен жұмыс істеп жатқан бір мыңға жуық кәсіпорын бар. Алынып жатқан мұнайдың 25 пайызын қытай компаниялары өндіріп жатқанын айтты Елбасы. Мұнайдан нәпақа тауып жүрген қытайлықтар келісімшарттарын ұзартуды сұраған. Нұрсұлтан Назарбаев бұл сұрақтың мұқият қаралатынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы придаем важное значение вашему этому визиту, потому что для всестороннего развития стратегического партнерства с Китаем эти встречи очень важны.Высокую динамику демонстрирует сотрудничество в торговой сфере. По нашим данным, за первый квартал торговля выросла на 30%, по китайским - еще больше.

Аспан асты елінің төрағасы жымиған қалпынан танбай, "Қазақстанда өзімді үйде жүргендей сезінемін" деді. Ұлы Жібек жолын дамытудың «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасына ерекше тоқталып, Қазақстанның қолдауына алғыс білдірді. Біздің әріптестігіміз өзге елдерге үлгі боларлық дегенді де атап өтті. Ресми келіссөздерден соң қос ел басшылы БАҚ алдында баспасөз мәслихатын өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әр түрлі жағдайдағы басқосуларда өзара белсенді қимыл жүргізіп келеміз. Бүгінде еліміздің экономикалық ынтымақтастығының дамуы жоғарылай түсуде. Арамызда ортақ шешім таппаған мәселелер жоқ. Екі мемлекет арасындағы қатынастар тиімді серіктестіктің дүниедегі үлгісі болып табылады.

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының төрағасы:

Қытай-Орталық Азия-Таяу Шығыс Еуразиялық құрлықаралық көпірінің құрылысына  басымдық береміз. Қазақстандағы ірі логистикалық дәліздің құрылысы да маңызды. Қытайдың Қазақстан арқылы өтетін тасымалдары, әсересе теңіз тасымалдары назарда. Бұл жоспарлар екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бере түседі. 

Қазақ-қытай тарапы ынтымақтастық туралы бірлескен 12 құжатқа қол қойды. Олардың арасында екі ел басшысының бірлескен мәлімдемесі де бар. Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар бүгін өткен қазақ-қытай іскерлік кеңесі аясында бірнеше коммерциялық келісімге қол қойылатанын айтып өтті. Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, трансшекаралық су мәселесі, киберқауіпсіздік саласы бар. Ынтымақтастық, өзге де бірақтар маңызды бағыттар бойынша нығайып отыр. Қазақстан-Қытай индустриалдық-инновациялық бағдарламасы аясында құны 28 млрд доллар болатын 51 қытай компаниясын біздің елге көшіру мәселесі де қозғалды. Олардың үшеуі қазірдің өзінде қызмет етіп жатыр. Алтауы бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты мемлекет басшысы.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Бұл Қытай Халық Республикасы төрағасының қазақ еліне жасап отырған үшінші сапары. Қазақ-қытай дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдық мерейтойы. Осы сапары барысында Си Цзиньпин ертең Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанытында болады деп күтіліп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ