$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Астанадан Антальяға ұшқан рейсте қазақстандықтар төбелес шығарған

AstanaTV
14.02.2025ж. 23:39
246
Астанадан Антальяға ұшқан рейсте қазақстандықтар төбелес шығарған
Фото: aikyn.kz

Айқай-шумен басталған кикілжің төбелеске ұласып, салдарынан ұшақ экипажы шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

TRTHaber порталының мәліметінше, Pegasus Airlines әуе компаниясының рейсі Түркияның Эрзурум қаласына жоспардан тыс қонған. Оқиғаға қатысы бар төрт жолаушы ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өткен.

Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, тараптар кейін қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, бір-біріне шағым түсірген. Әзірге оқиғаның егжей-тегжейі мен жанжалдың нақты себебі туралы ресми ақпарат берілген жоқ.