Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин жаңа контейнерлік пойыздардың жолын ашты

AstanaTV
08.06.2017ж. 20:00
2292
Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин жаңа контейнерлік пойыздардың жолын ашты

Ақордада өткен ресми кездесуден соң Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин ЕХРО көрмесі аумағына барып, телекөпірге қатысты. Қазақстан мен Қытай ауыр жүк тасымалы көлемін арттыруға ниетті. Сол себепті қос ел басшылары жаңа контейнерлік пойыздардың жолын ашты. Олар Ляньюньган қазақ-қытай терминалы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық белдеуінің құрғақ портынан шығады. Контейнерлік пойыздар жүкті қазақ жері арқылы Орталық Азия елдері мен Стамбулға жеткізеді.

Айта кетерлігі, Германия-Қытай-Өзбекстан бағытында алғаш рет отандық Алтынкөл станциясы қолданылды. Екі ел басшысы бүгін іске қосылған жаңа бағыттар қос тарапқа да жаңа экономикалық мүмкіндіктер әкелетінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл біздің «Экономикалық белдеу Ұлы Жібек жолы және Нұрлы жол» бағдарламалары аясындағы тиімді жұмысымыздың айқын дәлелі. 2020 жылға қарай 2 млн контейнер тасымалдау жоспары бар. Бұл еліміз бен халқымыздың гүлденуіне оң әсерін тигізіп, экономикалық өсім берері анық.

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының төрағасы:

Бұл жоба Қытай мен Қазақстанға ғана пайда әкеліп қоймай, көлік-логистикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай туғызды. Осылайша Қазақстан теңізге шығып, Еуразия құрлығындағы логистикалық орталықтың біріне айналды. Батыс пен Шығыс арасындағы сауда айналымының да салмағы арта түсті.