Төтеннен келген оқиғалар төрткүл дүниені де теңселтіп тұр. Мәселен, Канадада 80 жолаушысы бар ұшақ әуежайда қонатын кезде аударылып қалды. 18 адам зардап шекті. Delta Airlines компаниясының лайнері Миннеаполис қаласынан Торонтоға ұшып келе жатқан. Бортта 76 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болды. Қаза тапқандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша, апатқа қатты жел себеп болған.