Сонымен Халықаралық EXPO көрмесі басталды. Бүгін қалың қауым, жұртшылық үшін. Ал кеше ... Кеше Н.Назарбаев ШЫҰ САММИТ-іне жиналған және арнайы келген әріптестері, сонымен бірге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттеришпен салтанатты түрде ашты.
«НҰР ӘЛЕМДЕ» жиналып, Қазақстанның экспозициясын тамашалады. Сосын Конгресс орталыққа барып, арнайы қойылған - Күн, Су, Жел энергияларына арналған театрландырылған шоуды тамашалады. Одан соң Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтеріліп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Барлық қатысушы мемлекеттердің тулары қойылды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан Экспо көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш өткізейін деп отыр. Сөйтіп қазақ елінің ордасы әлемдегі көрме өткізген 35-ақ қаланың қатарына қосылғалы отыр. Астана 3 ай бойы адамзат жетістіктерін әлемге әйгілі ететін басты алаңға айналады. Қазақстан көрмені жоғары деңгейде өткізу үшін жан-жақты дайындалды. Алдыңғы қатарлы технологиялық инфрақұрылым, дербес энергетикалық жүйесі бар Экспо қалашығы салынды. Астанада 100 ден астам сәулетті ғимарат бой көтерді. Астанада жаңа әуежай, жаңа темір жол воказалы салынды. Әлемдік деңгейдегі қонақүйлер, мәдени, ойын-сауық кешендері ашылды. Осының бәрі көрмеден кейін де ел игілігіне қызмет етеді.
Шар тұтасымен экранға айналды. Лазерлік шоу. Ғаламат отшашулар. Ұйымдастырушылар мұндай фейерверктің елімізде бұрын-соңды болмағанын айтты.
Алып шардың ішінде еліміздің экспозициясы орналасқан. Ондағы аса маңызды экспонат - «Токамактың» (Магнитті катушкалары бар тороидальді камера) термоядролық реактордың, Курчатовтағы түпнұсқасы алда іске қосылады. Бұл әлемдегі реакторлы материалтануға арналған тұңғыш технологиялық токамак. Энергетикалық жүктеме режимдерінде болашақтың энергетикалық термоядролық реакторларында қолданылуы мүмкін материалдарды зерттеу мен сынауға арналған экспериментальді термоядролық қондырғы. Басқарылатын термоядролық синтез негізінде жұмыс істейді. Бірден түсінуге қиын, иә? Ендеше қарапайым баяндап көрсек - қондырғыны жердегі жасанды күн көзі десек те болады. Бұл – энергияның таусылмас көзі. Ішінде қыздырылған плазмасы бар магнитті катушкалар орнатылған тороидальды камера. Оның температурасы бірнеше миллион градусқа дейін жетеді.Ғалымдарымыз реакторды жасау үшін 14 жыл бойы тер төккен.Оларды күн энергиясын құрықтағандар деу керек. Мұндай қондырғы әлемнің ешбір елінде жоқ.
Мажын Ысқақов, Атом энергиясы институтының жетекшісі:
Токомак – термоядролық реакция басқарылатын жай машина емес. Реактордың бірінші қабатындағы материалдар құрылымының плазмадан тарайтын шамадан тыс жүктемеден кейінгі физикалық және механикалық өзгерісін зерттейді. Мұндай Токамак әлемнің басқа елінде жоқ. Бұл біздің, Қазақстанның мақтанышы. Экспериментті кешен ресейлік мамандармен бірге салынған.
Мынадай штрих – EXPO қонақтары Тарбағатай ауданының тумасы Болат Тағабайдың 100 мың асықтан құралған үлкен асығын тамашалайды,- деп жазды, «Егемен Қазақстан». Бұл, әсіресе, шет елден келген туристердің таңдайын қақтырары анық. Ұлттық өнердің жанашыры бұл асықтарды 16 жыл бойы жинаған. Асықты жинау бар да, оны сақтау бар. Дұрыс сақтамасаң шіріп кетеді. Шірімес үшін қазандағы қайнаған суға салып, қара тұз қосып, 3-5 сағат қайнатамыз. Тұз асықтың майын сорып алады», – деген Болат Тағабай.
Токамак пен асықты - термоядролық қондырғы мен асықты байланыстырып
отырғаным, тамырымыздан ажырамай, ғылымның биіктерін бағындыруға болатынын біз
өзіміз-ақ дәлелдеп отырмыз. Ғылымға негізделген экономика құруға әлеуетіміз,
қабілетіміз, талантымыз жететінін. Маңыздысы, осы трендке «жабысу». Біреулердің
мәдениетке де, кәсібилікке де, ешнәрсеге қатысы жоқ фальшқа толы өмірлерін
қызықтап, сол үшін тіпті қырық пышақ болып ұрыспай...